29
наурыз
2022
"Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы" тақырыбында коучинг
Тәрбие жоспарына сәйкес 2022жылдың 29 наурыз күні ДТЖО: Л.Абишеваның ұйымдастыруымен "Жігер"шаңырақ қауымдастығының жетекшісі Бекасилова М. сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы жас сынып жетекшілерге бағыт-бағдар беру мақсатында "Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы" тақырыбында коучинг өтті. Коучинг барысында үш топқа бөлінген сынып жетекшілер отбасы, орта, ұстаз ұғымдарын байланыстырып, пікір алмасты. "Отбасы - тәрбие бастауы" тақырыбы сабақтың басы 1- топ, ортасы 2-топ, соңы 3-топ топқа беріліп, сынып сағатына жоспар құра отырып, постер арқылы қорғады. Коучинг соңында "Ватсап мессенджер" әдісі арқылы кері байланыс беріп, қорытындылады.