28
сәуір
2026
«Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында ашық сабақ
2026 жылдың 28 сәуір күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 24.04.2026 жылғы №2390 хатына сәйкес білім алушыларды суды ұтымды пайдалану және экологиялық жауапкершілік мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында ашық сабақ көрді. Аталған іс-шараға мектептің 1–11 сынып оқушылары толық қамтылып, оқушыларға судың маңызы, оны үнемдеу жолдары және табиғатты қорғаудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді 
