08
сәуір
2019
"Су айдынындағы қауіпсіздік" тақырыбындағы түсіндіру жұмыстары
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2019 жылғы 15 наурыздағы №02-1388 хаты негізінде, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ағымдағы жылдың 26 наурыздағы №383 хатына сәйкес мектепте 8 сәуір күні жазғы шомылу маусымы кезінде адам өлімі мен қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында "Су айдынындағы қауіпсіздік" тақырыбында түсіндіру жұмыстары, интербелсенді сабақтар мен ата-аналарға жиналыстар өткізілді. Іс-шаралар барысында балалардың белгісіз су айдындарында ересектердің қадағалауынсыз шомылмауы жөнінде аппараттық сессия жүргізіліп, жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, су тоғандары (лотоктар) маңайындағы қауіпті аймақтарға Ақарал ауылдық округінің мамандарымен бірлесе отырып ескерту тақтайшалары орнатылды.