20
қараша
2025
9-сынып ата-аналарына арналған «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында сабақ
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 20 қараша күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 9-сынып ата-аналарына арналған «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдермен сенімді қарым-қатынас орнатудың жолдарын қарастыру, жеке шекара мен қауіпсіздікті сақтау мәдениетін түсіндіру.
Кездесу барысында сынып жетекшілер ата-аналарға зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, баламен ашық сөйлесу, жеке кеңістікке құрметпен қарау, эмоционалдық қолдау көрсету секілді маңызды мәселелер бойынша ақпарат берді. Практикалық тапсырмалар мен жағдаяттар шешу арқылы ата-аналардың ой-пікірі тыңдалды. Сонымен қатар, ата-аналармен бірге цифрлық әлемдегі қауіптер, әсіресе кибербуллинг, интернеттегі алаяқтық, анонимді тұлғалармен байланыс және жеке деректердің қауіпсіздігі тақырыптары қозғалды. Балалардың онлайн кеңістікте өздерін қауіпсіз ұстауы, әлеуметтік желілерде шекара сақтау және ата-ананың сандық ортадағы бақылау мен қолдауы туралы пікір алмасып, тиімді тәсілдер ұсынылды.
Сынып жетекшілер: А.Уалиева, Б.Аширбаева