13
қыркүйек
2021
"Street Workout" алаңшасында ұйымдастырылған аудан жастары арасындағы жарыс
Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығының" жетекшілігімен ағымдағы жылдың 13 - қыркүйек күні Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын іске асыру мақсатында "Street Workout" алаңшасында ұйымдастырылған аудан жастары арасындағы жарыста №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Д. Қойшыбаев кеудені жерге тигізіп көтеру, 11 сынып білім алушылары Д. Құмық пен А. Ахатұлы белтемірге тартылу мен сырықтағы жаттығу бойынша жоғарғы ұпай жинап командалық есептен І жүлделі орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!