29
желтоқсан
2021
Қамқоршылық кеңес отырысы мектеп психологтарының келеңсіз оқиғалардың алдын алу есебі
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында 29.12.2021ж қамқоршылық кеңесінің отырысында мектеп психологтары келеңсіз оқиғалардың (суицид) алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарына есептерін берді. Өз сөздерінде мектеп психологтары аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алып, білім алушылардың өмірге деген құштарлықтарын,- қызығушылықтарын ояту, өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көз қараспен қарауға, қадірлей білуге, бағалауға тәрбиелеу, өмірден өз орындарын табуға, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету мақсатында білім алушылармен атқарылып жатқан жұмыстарын айта өтті. Өз кезегінде қамқоршылық кеңес төрайымы Н. Зулпыкарова сөз сөйлеп, қамқоршылық кеңес мүшелері бірауыздан мектеп психолгтарының есебі қанағаттанарлық деп таныды.