03
сәуір
2020
"Мен қашықтықтан қалай оқимын?", "Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?" тақырыбында сынып сағаты
ҚР білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 31 наурыздағы N121 бұйрығы негізінде 3 сәуір күні N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында "Мен қашықтықтан қалай оқимын?", "Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшілер қашықтықтан оқыту кезіндегі жадынамамен таныстырып, ұстаздармен байланыстырушы құралдар- смартфон, компьютер, планшет екенін ескертті. Білім алу көздерімен таныстырып, сабақтан кейін кері байланыс жасау жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, пандемия кезіндегі вирустық аурулардың таралуы, симптомдары,үй жағдайында антисептик жасау жолдары, вирустан қалай сақтануға болатыны түсіндірілді.