06
сәуір
2020
Коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде, 6 сәуірден мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматы
Құрметті №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназия ата-аналары мен білім алушылары! Қымбатты педагогтар! Бүгінгі күні коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде, 6 сәуірден мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастап, бірінші аптасы аяқталды. Мемлекетіміздің тарапынан әр бала сапалы білім алуына жан-жақты дайындықтар жүргізілуінің нәтижесінде, ата-аналардың, балалардың, педагогтардың арасында жақсы интербелсенді қарым-қатынас үдерісі байқалды. Сонымен қатар бұл жұмыстар барысында ата-ана, оқушы мен мұғалім арасында белсенді диалог жүргізу арқылы кері байланыс беруге дағдылану маңыздылығы да ескерілді. Мемлекетіміздің Білім және ғылым министірі Асхат Аймағанбетовтың қолдауы педагогтардың еліміздің ертеңіне үлкен жауапкершілікпен қарауына шабыттандыруда. Оқушылар үшін оқу ақпаратына қол жетімді әр түрлі мүмкіндіктер жасалды, "Балапан" және "Ел-Арна" телеарналарында аптасына бес күн сабақ өтілуде. Қашықтан оқыған кезде WhatsApp, электронды пошта және басқа да мессенджерлерді пайдаланудамыз. "Kundelik" жүйесін,"Daryn.Online" бағдарламасы,"BILIM Land" платформасы бойынша мектебіміздін оқушылары білім алуда. Мектеп өміріне енген бұл оқыту оқушыларды өз бетімен білім алуына әр түрлі мүмкіндіктер берсе, біз үшін кәсіби шеберлігімізді арттыратыны сөзсіз. Олай болса, бұл кезеңнен де бірге өтіп, ертеңгі күндеріңізге сәттілік тілеймін!