05
желтоқсан
2023
«Үштік қадам» жобасы аясында Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университетімен меморандум негізінде ұйымдастырған ашық есік күні
2023 жылдың 5 желтоқсан күні «Үштік қадам» жобасы аясында Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университетімен меморандум негізінде ұйымдастырған ашық есік күніне мектебіміздің 11 сынып білім алушылары және кәсіптік бағдар беруші педагог Д.Увалиева қатысты.
Білім алушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру; мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру мақсатындағы іс-шара барысында М.Х.Дулати атындағы университетінің кәсіптік бағдар беруші педагогы Алмагуль Базарбайқызы мамандық түрлерімен таныстырып шықты. Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарға шолу жасады. Атап өтетін болсақ, «Химия және инженерия», 6В02112- «Жарнама дизайны», В07212 – «Киім индустриясы», 6В02113 – «Интерьер дизайны», 6В02111 – «Сән дизайны», В051 «Қоршаған орта», В062 «Электроника және энергетика», В064 «Механика және металл өңдеу», В065 «Автокөлік құралдары», В071 Тау- кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру, В074 «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс», В075 «Кадастр және жерге орналастыру», В077 «Өсімдік шаруашылығы» мамандықтары.
Жауапты: кәсіптік бағдар беруші педагог Д.Увалиева