15
сәуір
2025
"Біздің түлектер қайда?"
№5Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының “Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар-бүгіні мен болашағы” айлығының "Біздің түлектер қайда?" тақырыбында
15.04.2025 ж мектепте оқып жетістіктерге жеткен тулектері туралы 10 сынып білім алушылары марапаттары мен жетістіктері туралы жазбалар жинақтады
Мектебімізден білім алып, үлкен өмірге жолдама алған түлектеріміз бүгінде еліміздің түрлі салаларында табысты еңбек етуде. Олар – білім мен тәрбиенің жарқын көрінісі, өскелең ұрпаққа үлгі болатын тұлғалар.
Біздің мақтаныш түлектеріміздің қатарында:
Бағдат Самединова – қазақ эстрадасының танымал әншісі. Ол өзінің шығармашылығы арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, мәдениет саласында биік белестерді бағындырып келеді.
Бағлан Бәбіжанова — қазақтың танымал әншісі әрі мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы. Ол дәстүрлі қазақ ән өнерін насихаттап, жастарға ұлттық өнерді үйретуде үлкен үлес қосып келеді. Оның шығармашылық қызметі мен ғылыми еңбектері ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлес қосуда.
Ибраимова Ұлжан Ерланқызы
2018 - 2025 жылдар аралығында NUR.KZ
порталында редактор, шығарушы редактор;
2022 жылы «Хабар» арнасы «Таңғы хабар»
бағдарламасында журналист;
* 2022 жылы «Хабар» арнасы «Daryn»
бағдарламасында қосалқы жүргізуші;
* 2023 жылы – «Алматы» телеарнасы «Мұғалім»
сериалының түсірілім алаңында редактор;
* 2022 – 2025 жылдар аралығында «Түнгі студияда
Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының редакторы;
* «Астана» телеарнасындағы «Шырғалаң» және “Ел тірегі” деректі
фильмінің сценарисі;
Марапаттары мен жетістіктері
* Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты;
* Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Ғ. Балаеваның алғыс хаты;
* ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хаты.
* Amanat партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің алғыс хаты.
* III Үндістан-Орталық Азия жастары делегациясы форумының қатысушысы.
Асан Ақерке Ғазизқызы 2019 жылы #5 Ақарал ЖОББМГ «Алтын Белгіге»аяқтап, 2019 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсіп, «Құқықтану» мамандығын 2023 жылы үздік дипломмен тәмәмдаған .
2024 жылғы қаңтардан бастап 2024 жылғы қараша айына дейін Қосшы қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алған. Оқуды сәтті аяқтаған соң, 2024 жылғы желтоқсан айында Меркі ауданы прокуратурасының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Қазіргі таңда Меркі ауданы прокуратурасының «Сотта мемлекеттік айыптауды қолдау» бөлімінің прокуроры .
«Біздің түлектер қайда?» айдары арқылы өмір жолында өз орнын тауып, түрлі салада жетістікке жеткен мектеп түлектері жайлы ақпараттар жарияланып, жастарға бағыт болуда.
Жауапты : КББП Д.Увалиева
