14
қыркүйек
2023
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
Ақпарат
2023 жылдың 14 қыркүйек күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижесінде асханада білім алушылардың тамақтануын үнемі қадағалауда болуы ескертілді. Буфеттік өнім сапасын арттыру қажет екені ескертілді. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана тазалығы күнделікті тексеріліп отырады. Балалардың тағам және су ішетін ыдыстары аптасына 1 рет дихлорланады. Білім алушылардың ішетін ауыз суы толтырылып, стакан қойылуы тиіс. Стакандар қойылған, беті жабылған. Ауыз су құйылатын су диспенсері бар.Ас мәзіріне сәйкес, әрі нормаға сай беріледі. Қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер орнатылған. Білім алушыларға арналған қол жуатын 3 орын бар.Ас блогындағы санитарлық жағдайы қалыпты, талаптар сақталған. Ас блогының үй-жағдайын тазалау кестесі ілінген. Ас блогына үлкен резеңке кілемшелер қажет. Ас болгында ағы ұшқан ыдыстар болмауын қадағалау қажет.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар.Сертификаты бар. Тауар көршілестігін сақтау талаптары сақталған. Өнімдерді сақтау режимі ескерілген.Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Бір реттік қағаз сүлгілерді пайдалану керектігі ескерілген.
Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар қарастырылған. Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған.
Тексеру нәтижесінде ауыз су құйылатын диспенсерді ескіруіне байланысты ауыстыруға және ас блогына үлкен резеңке кілемшелердің болуына ұсыныс берліген болатын. Осы ұсыныстар 5 жұмыс күн ішінде орындалды.