22
қыркүйек
2023
"Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі" тақырыбы бойынша тәрбие сағаты
N5 Ақарал ЖОББМГ 1"ә" сыныбында "Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі" тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өтілді. Білім алушылар «Пайдалы және зиянды тағамдарды» топтастырды, «Тамақтану ережесін» құрастырды, асқа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндірді. Балалар зиянды тағамдардан аулақ болуды, тамақтанар алдына тазалық сақтау керектігін, уақылы және дұрыс тамақтану жайында ойларымен бөлісе алды.