"Асханаға қош келдіңіз" ата-аналарға ашық есік күні
Мектептегі тамақтану бойынша ата-аналарға арналған ашық есік күні ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және білім алушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған шара өткізілді. Бұл күні ата-аналар мектеп асханасын келіп, мәзірмен танысып, тағамдардың сапасын бағалап, мектептегі тамақтану тәртібі туралы сұрақтар қоя алады. Сонымен қатар, олар балаларының тамақтану әдеттеріне ықпал етіп, дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы түсінік алады.
Мектепте тамақтану бойынша ата-аналарға арналған ашық есік күні бірнеше маңызды мақсаттарды көздейді:
1. Ата-аналардың қатысуы және пікір білдіруі. Ата-аналар мектепке келіп, асхананы өз көздерімен көріп, тағамдардың қалай дайындалатынын бақылау мүмкіндігіне ие болады. Бұл ата-аналарға мектепте ұсынылатын тағамның сапасын және санитарлық нормалардың сақталуын тексеруге мүмкіндік береді. Кейбір мектептер ата-аналардың асханаға өз пікірлері мен ұсыныстарын жазды.
2. Мәзірді таныстыру. Мектеп асханасының мәзірі ата-аналарға көрсетіліп, онда ұсынылатын тағамдардың қоректік құрамы, калория мөлшері, витаминдер туралы ақпарат берілді. Ата-аналар балалардың дұрыс тамақтануы үшін мәзірдің қаншалықты теңгерімді екенін біле алд