«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік іс-шараның қорытындысы » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік іс-шараның қорытындысы
18
қазан
2024

«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік іс-шараның қорытындысы


№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы

«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік  іс-шараның 

қорытындысы 



2024 жылдың 09 қазанында «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» атты іс-шараның ашылуы өткізілді. 

      «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» атты іс-шарамызды мектебіміздің директоры Конкабаев Ниетқали Абдымомынұлы алғы сөзімен ашып беріп, білім алушыларға «Дұрыс тамақтанудың адам ағзасына тигізер пайдасы» жөнінде айтып берді. Дұрыс тамақтану денсаулықты нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік беретінін, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттыратынын атап өтті. 


       Мектебіміздің бас аспазы, тәтті тағамдарымыздың иесі Барменқұлова Гүлнар   апайымыз «Фастфуд өнімдерінің зияны» жайында ойымен бөлісіп, білім алушыларға ыстық тамақтың пайдасын айтып өтті.

      Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Алденбаева  «Дұрыс тамақтануды  насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында презентациямен таныстырып, білім алушыларға пайдалы ақпараттарды ұсынды. 

 https://www.instagram.com/reel/DA534w_NnMp/?igsh=Z2VpM3ppbTFidTJp


2024 жылдың 10 қазанында «Тазалық ағза саулығының кепілі» тақырыбында 8-9 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды екендігі туралы айтылып, жан тазалығы мен тән тазалығы туралы ой қозғалды.

Мақсаты тазалық — денсаулық кепілі.

Тазалық бар жерде әрқашанда жақсы өмір қатар жүреді. Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды. Жаны таза адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады. Тазалық әркезде де біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы шарт.

Адамның сырт келбеті де, ішкі жан дүниесіде таза болуы шарт. Сырт келбеттің тазалығы сені ортады әдемі етіп көрсетсе, жан дүниенің тазалығы адамдар арасындағы абыройынды жоғарылатады. «Жан дүниенің тазалығына сенің адалдығың мен мейірімділігің, өтірік айтпайтын шыншылдығың, өзгеге көмектесетін жанашырлығың жатады» - деп, қорытындылады мектеп мейірбикесі Ж.Тоқтағұл. 





https://www.instagram.com/p/DA-K_lmt1Hj/?igsh=MXBlZ2hiaHp3Z3ZpZQ==


2024 жылдың 11 қазан күні «Сіздің талғамыңыз:дәрумендер немесе фастфуд?» тақырыбында 10 сыныптар арасында пікір-талас ұйымдастырылып, биология пәнінің мұғалімі А.Мұрат « қазіргі таңда дұрыс тамақтану мен жылдам өмір салты арасындағы таңдау – өзекті мәселелердің бірі» екенін түсіндіре отырып, бір жағынан, дәрумендер денсаулықты сақтаудың басты құралы болса, екінші жағынан фастфуд адамдардың қарбалас күндерінде жиі тұтынатын тағамға айналғандығын  атап өтті. 

    Спикерлер өз ойларын айтып жоғары денгейде пікір талас өтті. 



https://www.instagram.com/reel/DA_0d5LNl-r/?igsh=a3Y1cDR4MGlndXVv

2024 жылдың 14 қазанында «Дәмдінің бәрі пайдалы ма?», «Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті», «Тиімді әрі пайдалы тамақтану», «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбы аясында 1-11 сыныптар аралығында бірыңғай тәрбие сағаты өтіп, білім алушыларға дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруды, дұрыс тамақтануды қалай бастау керек екені туралы ой қозғалып, тақырыпқа сай ойындар ойнатылып, жарыстар ұйымдастырылды. 



https://www.instagram.com/p/DBG7qnEtf3L/?igsh=eXptMTJvY2NvcDV5


2024-2025 оқу жылында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы бойынша білім алушыларды мектеп асханасында  бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында  15 қазан  күні 1-4 сынып бастауыш сыныптар, аз қамтылған отбасынан шыққан  84  білім алушының ата-аналарына «Асханаға қош келдіңіз!» ашық есік іс-шарасы ұйымдастырылды.

    Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы әңгіме жүргізіп,күнделікті ас мәзірімен таныстыру, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен таныстыру болды. Ата-аналар балаларының бір мезгіл ыстық тамақ ішіп жатқанына ризашылықтарын білдіріп, өз кезегінде аспазшыға да рахметтерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.



2024 жылдың 16-17 қазан күндері «Тамақтану сапасы бойынша ата-аналар мен білім алушылардан» сауалнама алынды.

    Мақсаты: Ата-аналар мен білім алушыларға  ұсынылған сауалнама арқылы  жалпы асхана қызметіне  көзқарасын анықтау болды. 

Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысына жауапты маман директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Алденбаева. Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы- мектеп директоры Н.Конкабаев, мүшелері: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Алденбаева, қамқоршылық кеңес  төрайымы Н.Зулпыкарова, медбике-Ж.Тоқтағұл  және әлеуметтік педагог Н.Рахымбекова бірнеше   ата-аналармен бірлесіп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен таныстырды.

      Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» сауалнамасы арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама таратылды. 

      Сауалнама  қазақ тілінде алынып, жалпы 93 ата-ана жауап берді. Нәтижесінде  ата-аналар тарапынан  асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы  баға берілді. Соңынан ата-аналар аспазшыларға алғыстарын білдірді.





2024 жылдың 17 қазанында «Ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттырайық» тақырыбы аясында  бракераж комиссиясының отырысы өтті. Бракераж комиссия мүшелері әдеттедегідей асхананың, ас блогының, ас мәзірінің санитарлық жай-күйін қарап, ас қоймаларының тазалығын назарға алды. 

Нәтижесінде асхананың, ас блогының тазалығы, су диспансерлері, қол жуғыштар, қол кептіргіштердің санитариялық талаптарға сай келуі анықталды. Мониторингтік акт жасалып, буфеттік өнімдердің сапасын арттыру туралы аспазшыға ескертілді.







Қорытындылай келгенде, «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік  іс-шара – өз деңгейінде өтіп, білім алушылар тамақтану ережелерін, мәдениетін, артықшылықтарын біле отырып, «Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты-дұрыс тамақтану» екенін түсіндіріп, тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізетініне көздерін жеткізді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив