12
қазан
2021
"Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы" тақырыбында сынып сағаты
12.10.2021ж. 4"А" сыныбында "Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы" тақырыбында сынып сағаты өтті. Білім алушыларға слайдтар, суреттер арқылы дұрыс тамақтану принциптері мен пирамидасы таныстырылды. Білім алушылар пікірталасқа белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Балалардың дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі айтылды. Сынып жетекшісі: А. Суанкулова