«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар айы – «Заң және тәртіп» айы болып жарияланды.
Аталған айлықтың мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң мен тәртіпке құрмет сезімін арттыру, қоғамдық қауіпсіздік пен жеке жауапкершілікті нығайту.
Осыған орай мектепте құқықтық сауаттылықты арттыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған түрлі тәрбиелік, танымдық және алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілетін болады.
Барлық оқушыларды, ата-аналар мен педагогтерді айлық барысында іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!