24
қараша
2025
«Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығы және жауапкершілігі» тақырыбында қауіпсіздік сабағы
2025 жылдың 24 қараша күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының директоры Г. Шаймерденова 10 сынып білім алушыларымен «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығы және жауапкершілігі» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді.
Мақсаты: ҚР заңнамасына сәйкес құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заң алдындағы жауапкершілік туралы мағлұмат беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Сабақ барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заң алдындағы жауапкершілігі, жасөспірімдердің жеке бас қауіпсіздігі, интернеттегі этика мен қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың салдары туралы ақпараттар берілді. Практикалық мысалдар мен видеороликтер көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы ой бөлісті.