01
қыркүйек
2021
«Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны
1 қыркүйек - Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1 сыныптарға аулада ұйымдастырылды. 2-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық сынып сағаты оқу кабинеттерінде ұйымдастырылды. Мектепке білім алушылар санитарлық норманы және барлық сақтық шараларды сақтай отырып кірді.
«Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиында мектеп директоры Койшиманова Нурила Сейсембайқызы білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Мерекенің қонағы Меркі ауданы әкімдігінің Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жол көлігі және автомобиль жолдары басшының міндетін атқарушы Мусабеков Айбек Бақтыбайұлы. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер Тәуелсіздік, білім, оқу туралы өлеңдерді мәнерлеп айтты. Сонымен қатар, «Алғашқы қоңырау» биін, әдеби монтаж «Әли мен Айя» көрінісін және Тұрғыналы Ақботаның «Әліппе» әнімен ұласты. Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың
әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» пәнінің қайтарылуы. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» оқулықтарын мектеп директоры Койшиманова Нурила Сейсенбайқызы, 11сынып білім алушысы, үздік оқушы Асқар Азиза құттықтап, 1 сынып бүлдіршіндеріне «Әліппе» кітабын табыс етті.
1 сынып білім алушыларына
Қағылмақ, міне, әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау,
Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау, деп алғашқы қоңырау соғылды. 1-қыркүйек білім күніне арналған мереке өз мәресіне жетіп, 1 сынып білім алушыларына 2021 - 2022 оқу жылының «Кел, балалар, оқылық!» атты алғашқы сабағымен жалғасты.