23
қараша
2021
4"А" сыныбында "Сүйіспеншілік - адамның басты қасиеті" тақырыбында сынып сағаты
№5 Ақарал ЖОББМГ 23 - қараша Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай 4"А" сыныбында "Сүйіспеншілік - адамның басты қасиеті" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында білім алушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән-мағынасын түсіндіріп, жақсылыққа ұмтылу, мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік қасиеттерін дамытып, оқушыларды өз Отанын, жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көру керектігі туралы айтылды. Сабақ соңында білім алушылар "Сүйіспеншілік гүлі" арқылы кері байланыс беріп, қорытынды жасады.