25
мамыр
2022
“Соңғы қоңырау” мерекесіне орай“ Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі” атты салтанатты жиын
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 25 мамыр “Соңғы қоңырау” мерекесіне орай“ Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі” атты салтанатты жиын өткізілді. 2021-2022 оқу жылы 21 білім алушы мектеп қабырғасынан түлеп, ұшты. Оның ішінде, үшеуі “Алтын белгі” иегері және екеуі “Үздік аттестат” үміткерлері. Салтанатты жиынымыздың қонақтары аудандық білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы С.Раптаева, Ақарал ауылдық округінің әкімі Е.Бекасилов, Аұарал ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Омаров және Қамқоршылық кеңес төрайымы Н.Зулпыкарова. Сонымен қатар, 20 жыл бұрын мектепті бітірген түлектер қатысты. Мектеп директоры Н.Койшиманова 2021-2022 оқу жылының жетістіктерін атап, білім айдынында ақ желкен кемелерімен армандарына қарай келе жатқан бітіруші түлектерге бүгінгі күн жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн екенін айтты. 2021-2022 оқу жылында мектепті 547 білім алушы аяқтады. Оның ішінде 94 білім алушы үздік, 281 білім алушы жақсы аяқтап отыр. Салтанатты жиында жылдың қорытындысы бойынша мектепте білім алушылар, сынып жетекшілердің рейтингісі шығарылды. Білім додаларында биік белестерден көрініп жүрген мектептің іс-шараларында белсенділік танытып жүргенін ескере отырып “Жыл оқушысы “ номинациясымен 9 “А” сынып білім алушысы Жайлау Гүлбегім,
“Үздік сынып” номинациясымен 10 “А” сынып білім алушылары, “Үздік сынып жетекші” номинациясымен Наушабаева Гулбағира Рысбекқызы номинация иегерлері атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты жиында мектеп өміріне белсене атсалысқан ата- аналар аудандық және мектепішілік алғыс хаттармен марапатталды. Жиын соңында бітіруші түлектеріміз мерекелік құттықтауларын айтып, жүрек жарды өлеңдерін көпшілікке тарту етті. Ұстаздар мен ата -аналар 11 сынып білім алушыларына үлкен өмірге аттаған қадамдары мен талаптарына сәт сапар тіледі.