Неткен ғажап ертегілер» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты
Жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру,балалардың дүниетанымын кеңейту, А. С. Пушкиннің шығармашылығына деген қызығушылықты қалыптастыру, рухани бай тұлғаны тәрбиелеу мақсатында15 қараша 2018ж. 5 «А» сыныбында «Неткен ғажап ертегілер» тақырыбында А. С. Пушкиннің ертегілері бойынша саяхат ойын өткізілді.
Сабақта «Шашылған мақалдар», «Кейіпкерді портретінен таны», «Ертегі жолдарын оның атауымен байланыстыр» тапсырмалары оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ашық жеткізе отырып,топтық жұмыста «Ертегіге сенген дұрыс па?» деген сұраққа жауап берді. Әр топ бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады.