23
қараша
2018
«Тыныс алу мүшелері» ашық сабақ
12.11 – 23.11 аралығында «Үш тілде білім беру: ұлттық және халықаралық тәжірибе» онкүндігінде бастауыш сынып
мұғалімі А.Асанкулова жаратылыстану пәні бойынша «Тыныс алу мүшелері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында «Кір жаю», «Кинометафора», «Бақылау», «Зерттеу», «Иә, жоқ» әдістері қолданылды.
«Кір жаю» әдісі арқылы білім алушылардың қызығушылықтары артып, сұрақтарға белсенді жауап берді.
Зерттеу жұмысына берілген топтық жұмыста тыныс алу мүшелерін үш тілге аударып, белсенді жұмыс істеді.