№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп гимназиясының 15.10 - 25.10.2018ж аралығында «ХХІ ғасыр - нақты ғылымдар ғасыры» атты тақырыпта математика, физика, информатика пән бірлестігінің онкүндігі
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп гимназиясының 15.10 - 25.10.2018ж аралығында «ХХІ ғасыр - нақты ғылымдар ғасыры» атты тақырыпта математика, физика, информатика пән бірлестігінің онкүндігі өтті.
Онкүндіктің мақсаты:5-11 сынып аралығындағы білім алушылардың түрлі әдіс-тәсілдерді, ойындарды, аудио видео элементтерін қолдана отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Онкүндік аясында жас маман А.Садуахас үй тапсырмасын сұрауды слайд көрсету арқылы жүргізді.Кембридж тәсілдерінің тиімді жағы – жаңа тақырыпты оқушылар өз беттерінше ізденуге тиіс. Жас маман М.Ағлыев сабақ тақырыбын видео көрсету миға шабуыл жасап, оқушыларға жасырды.Тақырыптың мән-мағынасын ашу үшін, «ашық ойлар минутасын» қолданып, оқушылардың өз беттерінше ізденіп, ой қозғауына мүмкіндік берді
Информатика пәні мұғалімдері өз сабақтарында өрмекшінің торы, желпуіш, джигсо әдістерін тиімді қолдана отырып, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуіне практикалық бөлімдерді қызуғышылықпен орындауға ықпал жасады.
Физика пәні мұғалімі К.Қалманбетова өз сабақтарында үлгерімі төмен оқушылармен түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына ықпал жасады.
Онкүндік қорытындысы бойынша пән мұғалімдері сабақтарының ұтымды және ұтымсыз жақтарын саралай келе алдағы уақытта түрлі технологияларды тиімді пайдаланып, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді.