«Тәуелсіздік бастауы–Желтоқсан» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағаты
1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 13 желтоқсан 2018ж. 5 «А» сыныбында «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақта психологиялық аһуал орнату кезеңінде «Жылы сөз» тренингі өткізілді, сабақ барысында «Пресс-конференция», «Суреттер галереясы» әдістері ұтымды қолданылды. Аталған әдіс-тәсілдер білім алушылардың өз ойлары мен пікірлерін айтуға, тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізуге, бір-біріне түсіндіруге, тақырыпты жинақтауға көмектесті.
Кері байланыс кезеңінде «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы білім алушылар сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазды.
Оқушылар белсенді қатысып,тарихқа шолу жасап, жаңа мәлімет алды.