«Рәміздерім – елдігімнің белгісі » тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағаты
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту, оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында 23.10.2018 ж. 5 «А» сыныбында «Рәміздерім – елдігімнің белгісі » тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақта психологиялық аһуал орнату кезеңінде «Жылулық» тренингі өткізілді,сұрақ арқылы білім алушылар «Көк аспан», «Алтын күн», «Тұлпар» атты үш топқа бөлінді. Ой қозғау «Сандар сөйлейді» әдісі қолданылды.
Сабақ барысында «Интервью» әдісі арқылы топтар бір біріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды, сергіту сәті кезеңінде «Шашылған мақалдарды» жинады. «Қазақстан – Туымен тұғырлы», «Қазақстан – Елтаңбасымен еңселі», ««Гимн- асыл қазына» тақырыбында топтық жұмыс жасап постер қорғады. Білім алушылар рәміздердің шығу тарихы және олардың маңызы тұралы түсініктермен таныстырды. Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалады. Видеоролик көріп, қандай әсер алып, не ой түгендері туралы айтып өтті.
Кері байланыс кезеңінде «Бес саусақ» әдісі арқылы білім алушылар сабақтан алған әсерлерін, ашқан жаңалықтарын,не қиын, не қызықты болғандығы туралы жазды.