28
ақпан
2023
"Бір Отан -бір отбасы" тақырыбында тәрбме сағаттары
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Осыған орай №5Ақарал ЖОББМГ-да білім алушылардың бойында «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында "Бір Отан -бір отбасы" тақырыбында тәрбме сағаттары өтілді.