12
қаңтар
2024
"Әке – білек, саусағы – балалары, Қан тамырмен жалғасқан" атты әкелермен кездесу
2024 жылы қаңтар айының 12 күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында білім алушыларға отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі-әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру мақсатында "Әке – білек, саусағы – балалары, Қан тамырмен жалғасқан" атты әкелермен кездесу өткізілді. Іс-шараны мектеп директоры Конкабаев Ниеткали Абдымомынович ашып, әкелер кеңесінің жұмысын кеңінен насихаттау арқылы олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруды қажет екенін айтып өтті. Іс-шара барысында әкелер қызықты сұрақтарға жауап беріп, ситуациялық жағдайдан шыға білді. Директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев мектепте атқарылып жатқан жұмыстарды ТЕД-Х форматында таныстырды. Білім алушылар "Қара пима" қойылымын қойып, әкелер құрметіне "Әке туралы" монолог оқып, әкелерге арнап ән шырқады. Шара соңында әкелер өз ұсыныстары мен тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.