09
сәуір
2024
3-5 сыныптар арасында "Салауатты өмір салты мен этно мәдениетті сабақтыстыру", "Отансүйгіштік, зияткерлік қасиеттерін қалыптастыру жолдары" атты тақырыптарда экспериментальды алаң аясында Тоғызқұмалақтан жарыс
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында сәуір айының 9-шы жұлдызында 3-5 сыныптар арасында "Салауатты өмір салты мен этно мәдениетті сабақтыстыру", "Отансүйгіштік, зияткерлік қасиеттерін қалыптастыру жолдары" атты тақырыптарда экспериментальды алаң аясында Тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып,сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу мақсатында тоғызқұмалақ ойынын ұштастыра отырып, жарысты қызық өткізді.Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет екенін ұғындырдық.