25
сәуір
2023
7-10 сыныптар арасында «Нашақорлық-ғасыр дерті»
2023 жылы сәуір айының 25 күні №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында білім алушыларды жат қылықтан сақтай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, зиянды заттардың организмге зиян екендігін насихаттау мақсатында. 7-10 сыныптар арасында «Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбында іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында есірткілік заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыратын көріністер, жыр-шумақтар, монологтар оқылып, білім алушыларды зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын сақтаған жағдайда жарқын болашақ күтіп тұрғандығы айтылды.