18
қараша
2022
5-8 сынып білім алушылары арасында, "Нашақорлық- ауыр індет, алдын алу міндет" тақырыбында сынып тәрбие сағаттары
18 қараша күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Нашақорлық пен мінез-құлық ауруларының алдын алу" айлығы аясында, жасөспірімдер арасында нашақорлық пен зиянды заттардың алдын алу мақсатында 5-8 сынып білім алушылары арасында, "Нашақорлық- ауыр індет, алдын алу міндет" тақырыбында сынып тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында жасөспірімдерге салауатты өмір салты дағдылары насихатталып, есірткі заттардың адам ағзасына кері әсері мен қауіптілігі туралы түсіндірілді.