20
мамыр
2024
9-11 сынып білім алушылары арасында "Теріс діни ағымдар және олардан қорғану жолдары" тақырыбында кездесу
Мамыр айының 20 күні Меркі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақтөре Мамбетовтың қатысуымен 9-11 сынып білім алушылары арасында "Теріс діни ағымдар және олардан қорғану жолдары" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуде теолог мамандары білім алушылардың діни сауаттылығын арттыру ерекшеліктерін, теріс діни ағымдардан сақтану жолдарын, зайырлы мемлекет ұстанымдары туралы кеңінен түсіндірді. Тәрбиелік мәні зор бұл шараның жеткіншектерге берер тәлімі мол болды.