13
қаңтар
2026
10 сыныптар арасында «Мен және заң» тақырыбында дөңгелек үстел
2025 жылдың 13 қаңтар күні директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Айтбаев «Заң және тәртіп» құндылығы аясында 10 сыныптар арасында «Мен және заң» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды. Әсіресе топтық төбелес, әлімжеттік көрсету, бопсалау фактілеріне жол бермеу, нашақорлыққа және құқыққа қайшы іс-әрекеттерге бармау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдер арасында қылмыс фактілерінің көбеюі туралы айтылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар кибербуллинг, буллинг сынды заманауи қауіптердің салдарына тоқталып, кез келген құқық бұзушылықтың заң аясында жауапкершілікке әкелетіні ескертілді.