23
қазан
2019
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында өткен дөңгелек үстел
23 күні Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры, мектеп инспекторы Е. Тупековтың қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында «Заң және жаза» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп инспекторы Е.Тупеков ұрлық, зорлық-зомбылық, бопсалау, қысым көрсету сияқты қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің түбі, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндірме мәліметтер айтып өтті.