13
қыркүйек
2019
«Адалдық дүкені» бойынша іс-шаралар
Мектепте біртіндеп сенім ахуалын құруға және жастарға өздерін адал адам ретінде танытуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың күшейту мақсатында әр аптаның жұма күнінде «Адалдық дүкені» бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Жоғарыда аталған жұмыстар балалардың қоғамдағы өмiрге даярлығын, қоғамдық адамгершілік дағдыларын дамытады. Атап айтар болсақ 9 «ә» сынып білім алушысы Д.Серік түрлі-түсті қаламдар, 10«а» сынып оқушылары З.Қыдырбекова мен С.Ганиұлы және 11 «а» сынып оқушылары А.Анарова тәтті шоколад пен қораптағы вафлиды, 6 «а» сынып білім алушысы А.Ермекбай түрлі-түсті қаламдар, 9«ә» сынып оқушысы А.Ахатұлы және 1 «а»сынып оқушысы Н.Жандосұлы түрлі-түсті ермексаз, қалам, 5 «а» сынып оқушылары М.Сейсенқұл және Н.Ермахан қалың дәптер алып, оның кеңсе тауарларының бағалары жазылған тізімге қарап отырып, сол сомадағы ақшасын, кассалық аппараттарды алмастыратын арнайы қорапқа салды. Мұндай іс-әрекеттер және тәжірибе балалардың қоғамдағы өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар адамгершілік-рухани және адамгершілік дағдыларын дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылыққа тәрбиелеу, олардың бойында адами сана-сезiмдi қалыптастыруға негіз болады.