19
қыркүйек
2020
«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады» тақырыбындағы онлайн кездесу
Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей өскелең ұрпаққа байланысты. Қазір жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің келешегі үшін ең өзекті тақырыпқа айналған.
«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады»,- деген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы орайда, 19 қыркүйек күні #5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 10А сынып оқушылары “Жарқын болашаққа-нық қадаммен” тақырыбында мектеп түлегі әрі мақтанышы Ибраимова Ұлжанмен онлайн- кездесу өткізді.
Ибраимова Ұлжан 2014 жылы мектепті “Алтын белгіге” тәмамдаған. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қызыл дипломмен аяқтаған, бүгінде магистратурада білім алуда. Қазір NUR.KZ ақпараттық порталының редакторы қызметін атқарады әрі “Жас Отан” Жастар қанаты Алматы қалалық филиалы жанындағы кеңеске мүше. Университет қабырғасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен, Білім министрінің дипломымен, университет ректоры мен факультет деканының грамотасымен марапатталған.
Қоғамдық өмірге белсене қатысатын, талабы мен еңбегінің арқасында бірқатар белесті бағындырған Ұлжан 10А сынып оқушыларымен мамандық таңдау, бос уақытты және ғаламторды тиімді пайдалану жөнінде тілдесті. Ол үлкен өмірге қадам басқалы тұрған балаларға өз кеңесін айтып, тәжірибесімен бөлісті. Соңында оқушылар онлайн- кездесуден алған әсерін айтып, келешекке құлшыныстары арта түскенін әрі қоғамға пайдалы азамат болуға ниетті екендерін жеткізді.