31
қазан
2020
Ел мақтанышы аралас жекпе-жектен әлем чемпионы А.Назаровпен онлайн адалдық сағаты
N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылы 31 қазан күні ел мақтанышы аралас жекпе-жектен әлем чемпионы А.Назаровпен онлайн адалдық сағаты өткізілді. Жемқорлықты жеңу үшін не істеу керек? Парасатты адам деген кім? деген сұраққа жауап алып, парасатты болу қаншалықты маңызды мәселе екені тыңдалды. Ардақ Назаров адалдық адам бойындағы асыл қасиет екені, ал парасаттылық - әр нәрсенің ақ қарасын ажырататын қағидалар жайында ой толғап, қазіргі замандағы бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, жастарды күніне бір кітап оқып рухани азығын молайтуға бағыт берді.