«Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша білім алушылар мен олардың ата-аналарының қанағаттанушылығы» бойынша сауалнама
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 18 қазан күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша білім алушылар мен олардың ата-аналарының қанағаттанушылығы» бойынша сауалнама алынды. Бұл сауалнамада мектеп асхана жұмысының сапасын анықтау және олар көрсететін қызметтерді жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілді. Білім алушылар, ата-аналар және мектеп ұстаздары осы ұсынылған сауалнаманың сұрақтарына жауап беру үшін нұсқалардың бірін таңдап, оны кез келген ыңғайлы тәсілмен белгілеп, жауап берді. Анкета барысында кездескен сұрақтарға барлығы жауап берді. Мысалы, «Сіз немесе балаңыз мектепте тамақтану сапасына қанағаттанасыз ба?» деген сұраққа 100% «Жалпы қанағаттандырады» деп жауап берді. «Сізді асхананың санитарлық жағдайы қанағаттандырады ма?» деген сауалға 100% «Ия» деп жауап жазды. «Сіз немесе балаңыз мектепте тамақтануға ұйымдастырылған мәзірге қанағаттанасыз ба?» деген сауалға «Ия, қанағаттанамын» деп 100% жауап берді. «Сізге, сіздің балаңызға мектепте тамақтануды ұйымдастыруда не ұнамайды?» деген сауалға көпшілігі «Бәрі жақсы» деп өз жауаптарын жазды. Бұл анкетаны толтыруға жалпы 82 білім алушы, 23 ата-ана және 38 мұғалім қатыстып, өз жауаптарын берді.