11
ақпан
2021
"Су айдындарындағы қауіпсіздік"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 02 ақпандағы №03-569 хатына сәйкес 11.02.2021 жылы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Е. Қазыбаев, "Су айдындарындағы қауіпсіздік" тақырыбында 5-11 сынып білім алушыларына кеңес беру сабақтарын өткізді. Сабақ барысында білім алушыларға суда өзін ұстау технологиялары, судағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп , судағы қауіпсіздік жадынамалары таратылды.