19
ақпан
2021
Д. Ақжолдың ұйымдастыруымен " Ардақтайық ананы" атты мерекелік ән шашуын " Ана деп ән салам" онлайн байқауы
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуде басты назарды отбасы құндылықтарын дәріптеу, білім алушылардың ана еңбегін бағалау, оларға деген құрмет сезімдерін арттыру мақсатында "Анаға тағзым" іс— шаралары өткізілді. 2021 жылдың 16 ақпан— 5 наурыз аралығында № 5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп — гимназиясында 19 ақпан күні музыка жетекшісі Д. Ақжолдың ұйымдастыруымен " Ардақтайық ананы" атты мерекелік ән шашуын " Ана деп ән салам" онлайн байқауы аясында А. Тұрсынбаеваның сөзіне, Б. Өскенбековтың " Аяулы ана" әнін 6 а сынып білім алушысы Д. Бақытттың орындауында тарту етілді. 21— ақпан күні мектептегі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г. Төлегеннің жетекшілігімен 9—11 сынып білім алушылар арасында " Анама арнаймын", " Анама хат" тақырыбында өткен эссе байқауы жеңімпазы Г. Құрамаева 5— наурыз күні аудан әкімінің бағалы сыйлығы мен мақтау қағазымен марапатталды. 23 ақпанмен 2 наурыз күндері мектеп мәжіліс залында көркем еңбек пән мұғалімдері А. Уәлиева мен А. Барменкуловтың ұйымдастыруымен "Асыл аяулы анама" атты көктемгі гүлдерден анаға тарту ( гүлдерден экибана, себеттер т. б. жұмыстар қорғалып, 8 а сынып білім алушысы А. Қылшабайдың " Үздік" деп табылған туындысы аудандық кезеңде бағалы сыйлықпен және грамотамен марапатталды. 24—ақпан күні "сыйынар ем ана деген тәңірге" тақырыбында өз ойынан шығарған өлеңін 10 а сынып білім алушысы А. Тоқтаған қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г. Наушабаеваның жетекшілігімен арнауын барша аналар қауымына оқыды. 3 наурыз күні мектеп психологтары Р.Молдобекова мен Ж.Черембаева " Аяулы аналар" тақырыбында 1—11 сыныптарды көп балалы мектеп өміріне белсенді қатысатын аналар үшін мерекелік көңіл күй мен жағымды эмоциялық ахуал тудыру мақсатында тренинг жүргізілді. 5 наурыз күні "Ардақтайық аналарды" 11 сынып мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт өткізілді.