№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі “Үш тілде білім беруді енгізу- бәсекеге қабілеттілікті арттыру" ағылшын тілі пәнінен кіріктірілген сабақтар онкүндігінің ашылуы туралы хабарлама
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі
"Үш тілде білім беруді енгізу- бәсекеге қабілеттілікті арттыру" ағылшын тілі пәнінен кіріктірілген сабақтар онкүндігінің ашылуы туралы хабарлама
«Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін»
22.02.2018ж күні мектебімізде "Үш тілде білім беруді енгізу- бәсекеге қабілеттілікті арттыру" ағылшын тілі пәнінен кіріктірілген сабақтар онкүндігінің ашылу салтанаты «Үштұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты тақырыпта сайыс сабақ түрінде өтілді.
Мақсаты: білім алушылардың сөз байлығын, шешендіктері мен тапқырлықтарын дамыту; білім алушыларға қазақ тарихындағы салт-дәстүрлердегі тіл шұрайын таныту, үлгі алуға баулу;
Сайыс сабаққа 5 "а,ә" сыныптар үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген оқушылар қатысты. Бұл жарыс 5 бөлімнен тұрды.Білім алушылар таныстыру бөлімінде өз топтарын үш тілде таныстырды. Басқа бөлімдерде де берілген тапсырмалардың жауаптарын үш тілде айтып отырды. Тек соңғы бөлімде "My opinion" өздерінің мектептері туралы үш тілде жазып қорғап шықты.
Сайыс қорытындысын шығаруда қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуы, жауаптың оралымдылығы мен сапасы, мазмұндылығы мен ерекшелігіне баса назар аударылды. Ұпай сандарын есептей келе 5"а" сыныбы 270 ұпаймен бірінші орын алды.
Білім алушылардың мектептері туралы шығарма жазу және қорғау сәтінен үзінді.
Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек.