03
қыркүйек
2018
Директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары
Барменкулов Аскарбай Берікұлы
ІІІ – деңгейлі мұғалім
Туған жылы:03.04.1983
Білімі: жоғары
Санаты: І
Еңбек өтілі: 15 жыл
«Ақарал - Прогресс» атты кәсібі қоғамдыстықтағы рөлі:
дамытушылық топ мүшесі
Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру болып табылады.
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды қолдана білуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасын жаңарту критериалды бағалау жүйесі оқушылардың сонымен қоса мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқытуға негізделген. Яғни оқушылардың бір-біріне сын тұрғысынан қарауы. Жаңаша білім беру мектептердің оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқу деп өзгерді. Белсенді оқуда топтық, жұптық, рөлдік ойындар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып белсенді оқуға жетілдіру.