13
қараша
2019
Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында "Үштік қадам" жобасы
№5Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында "Үштік қадам" жобасы жүргізілуде. Жоспар бойынша мектепке дейінгі мекеменің ересек тобынан 25бала мектеп ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды. Баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау мақсатында экскурсияны бастаушы жолнұсқа тобы 1,7,9 сынып білім алушылары Ерсен Аяулым, Нұржан Томирис, Қылшабай Әмина, Ахатұлы Айдын, Бақытжан Диас, Шәріп Ерасыл мектеп мұражайы, кітапхана, сынып бөлмелерімен таныстырды.