12
желтоқсан
2019
Халықаралық « Компьютерлік Ғылымдар Апталығы» аясында өткізліген «Қазақстандағы код сағаты» акциясы
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиямызда 4-9 желтоқсан аралығында, 3-4 сыныптар аралығында сынып сағаты ретінде, 5-11 сынып сыныптар арасында «Код сағаты 2019» сабақ ретінде өткізілді. 3-4 сыныптар арасында 102 оқушы, 5-11 сыныптар арасында 305 оқушы қатысты. «Кодтау сағаты – 2019» жаһандық компьютерлік апталығының жаһандық бастамасы өз жалғасын тапты. Осы апталық төңірегінде информатика пәнінің мұғалімдері А.Барменкулов пен О.Еркебаев 5-9 сынып оқушыларымен бағдарламалаудың негіздерімен таныстыру, XXI ғасырдағы негізгі дағдыларының бірі – бағдарламалауға қызығушылық ояту, ойлау қабілетіне қарамастан әркім бағдарламалауды үйрене алатынын көрсету бағдарламашы мамандығымен таныстыру, бағдарламалауды үйренуде табысқа жету жағдайын құру мақсатында сабақ өткізді. Барлық оқушы берілген нұсқаулық бойынша тапсырмалар орындады. Олардың әрқайсысы бағдарламалау дағдыларын үйренуге бірегей мүмкіндік алады. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты.