№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Байбосынованың педагог-модератор біліктілік санатына өтуге ұсынылған сабағы.
14.11.18 күні 8 «А» сыныбында «Не позволяй душе лениться» тақырыпта сабақ өтілді. Сабақта оқушылардың сөздік қорын молайту үшін,жұппен, топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту,сөздік жұмыс,мәтінмен жұмыс арқылы ойлау қабілеттерін қалыптастыру.Оқушылардың көңіл-күйін анықтау үшін «Лестница успеха» әдісін пайдаланды.Сөздікпен жұмыс кезеңінде «Найди меня» ойынын өткізді.Оқушылар сөздерді сәйкестіндіру кезінде ізденді,қызығушылық танытты.Сабақ барысында «Логическая цепочка» әдісін ұтымды қолданды.Осы әдіс арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізуді, сын тұрғыдан ойлауды дағдылады.