"Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында ата-аналар жиналысы » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » "Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында ата-аналар жиналысы
07
қыркүйек
2023

"Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында ата-аналар жиналысы

2023 жылдың 7  қыркүйек күні №5 Ақарал  жалпы орта  білім беретін мектеп-гимназиясында "Бала қауіпсіздігі-басты назарда"  тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері  Көшербаев Даулет Арстанбекұлы АПБ бастығының орынбасары полиция майоры Қуанышбеков Мадияр Бейсенбекович  Меркі АПБ ӘПБ бастығы Байтемиров Бейбіт,  КПБ полиция капитаны Бигазиев Бекжан Болатұлы, ЖПҚб УПИ полиция майоры Халыков Білімжан Маликович,  ЖПҚб ЮПТ полиция майоры Тупеков Еркебулан Аятбергенович келді.  Жиналыс барысында  құқық қорғау орган қызметкерлері ата – аналарға аудандағы болып жатқан әртүрлі келеңсіз жағдайларды  айта отырып, толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға Заң талаптарының орындалуын, оқушылардың құқықтары мен міндеттерін сондай-ақ, оларға күтім жасау және күтіп бағу жөніндегі міндеттерінің орындауларын, ол орындалмаған жағдайда он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын жеткізді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілімен, ата – аналарынсыз  жүруіне сағат 22:00 ден таңғы 06:00  дейін ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрмеулерін, кешке кафе, ойын сауық орталықтарында балаларының жұмыс жасамауын айтты.   Оқушылардың сабақтан себепсіз қалуы, яғни ол 10 күннен артық қалған жағдайда айыппұл төленетінін ескертті. Сонымен қатар, кибербуллинг-бопсалау, оқушылардың ұялы телефонды дұрыс пайдалану, мектепке гидроскутер, мопед т.б.  электронды көліктермен келмеулерін, кәмелетке толмаған балаларға рұқсат жоқ екенін және оған хаттама толтырылып, айыппұл салынатынын ескертті. Мұғалімдерге дөрекі сөздер айтып, балағаттаса да әкімшілік айыппұл салынатынын жеткізді. 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив