25
желтоқсан
2025
білім алушылар мен ата-аналарға денсаулыққа тікелей қауіп төндіретін, өндіруші туралы ақпарат
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 22.12.2025 жылғы №03-58-60 хатына сәйкес 25.12.2025 жылы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында білім алушылар мен ата-аналарға денсаулыққа тікелей қауіп төндіретін, өндіруші туралы ақпарат, сәйкестік туралы декларация, санитарлық, гигиеналық және техникалық талаптардың сақталуы туралы мәліметтері жоқ өнімдерді сатып алуға тыйым салу туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бекасилова мен әлеуметтік педагог Г. Эркечева, ДҚТЖО Ғ. Айтбаев мұндай өнімді сатып алу және тұтыну - жұқпалы ауруларға, аллергиялық реакцияларға, асқазан -ішек жолдарының шырышты қабығын "күйдіруіне" әкеп соғуы мүмкін екендігі жеткізілді. Оларды таңбалау мен құжаттардың болмауы өнімнің қауіпсіздігін, өндіріс жағдайларын, сақтау және тасымалдау режимін, жарамдылық мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Азық -түлік өнімдерін сақтау және өткізу шарттары сақталған және сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар заңды жеткізушіден ғана сатып алу қажет екендігі түсіндірді.