23
қыркүйек
2019
Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Саят Жұманов пен №9 ӨСБ-нің бастық орынбасары азаматтық қорғау капитаны Бауырбек Мырзахан 9-11 сынып оқушыларына оқыған дәрісі
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 23 қыркүйек күні педагогикалық ұжым мен жоғары сынып білім алушыларға өмірдегі қиын жағдайға тап болған кездегі жағдаяттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Саят Жұманов пен №9 ӨСБ-нің бастық орынбасары азаматтық қорғау капитаны Бауырбек Мырзахан дәріс оқыды. Төтенше жағдайлар адамдардың қаза табуына әкеліп соғуы, олардың денсаулығы, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтіретіні жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, 9-11 сынып білім алушыларын Көкшетау қаласындағы техникалық институтындағы "Өндірістегі өрт қауіпсіздігі" бөліміне мемлекеттік грант жылда бөлінетіні туралы айтып, жоғары оқу орнына келер жылдың қаңтар айынан бастап құжаттарды дайындап, тапсыруға болатынын айтты.