№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың мамыр айының 22 күні өткен кезектен тыс ата-аналар қоғамдық кеңесімен қамқоршылық кеңесі отырыстарында бірыңғай міндетті мектеп формасын ұстануы туралы мәселесі
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың мамыр айының 22 күні өткен кезектен тыс ата-аналар қоғамдық кеңесімен қамқоршылық кеңесі отырыстарында бірыңғай міндетті мектеп формасын ұстануы туралы мәселесі қаралып өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес Ақарал жалпы білім беретін мектебі бойынша мектеп формасының түсі – көк. Мектеп формасының үлгісі – классикалық стиль. Ұлдарға арналған мектеп формасы жилет, шалбар, ақ түсті көйлектен тұрады. Қысқы мезгілде: трикотаждан жасалған жилет, ақ водолазка. Ұлдарға арналған шалбар кең пішінде және ұзындығы тобықты жабуы керек. Ұсынылатын: ақ көйлек, жилет және шалбар. Қыздарға арналған мектеп формасы: жилет, юбка, шалбар, классикалық ақ көйлек, сарафаннан тұрады. Қысқы мезгілде: трикотаждан жасалған жилет, сарафан, ақ водолазка. Қыздарға арналған шалбар кең пішінде және ұзындығы тобығын жабуы керек, юбкасының ұзындығы – кеңселік, тізеден 5 см жоғары емес. Ұсынылатын: сарафан және көйлек, жилет, көйлек және юбка немесе көйлек және шалбар. Мектеп формасында дінге тән элементтердің болуына жол берілмейтіндігін атап көрсеткен.