18
қаңтар
2023
11 сынып білім алушыларына 2023жылғы ҰБТ форматындағы өзгерістер туралы мәлімет
№5 Ақарал ЖОББМГ-ның директоры Н.Койшимнаова 11 сынып білім алушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеу форматында қандай өзгерістер болатындығы, жылына 4 рет өткізілетіндігі, тестілеу тапсырмаларының нысаны, уақыты мен үзілістері, ҰБТ кезінде апелляцияға өтініш беруі және тестілеуге алып өтуге тыйым салынатын заттар туралы айтылды. Түлектерімізге президентіміздің білім беру мәселесіне ерекше қарап «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының негізі» екендігін атап көрсеткен.Ол сапалы білім – сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесі. Әр тестілеу сайын ата-аналарыңыз мен ұстаздарыңыз бұл айрықша емтиханның нәтижесі қалай болар екен деп қобалжиды. ҰБТ - мектептің, мұғалімдердің, сіздер мен ата-аналарыңыздың оқу кезеңінде атқарған жұмысына баға беретін өзіндік бір ерекше шара. Бұл баға мектеп үшін де, ата-ана үшін де, сіздер үшін де оңды болуы үшін белгілі бір дәрежеде күш-қуат жұмсауларыңыз қажет. Сондықтан да ҰБТ — ге сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін, ең алдымен сіздер күн тәртібін дұрыстау қажет екендерін айтып өтті.