«Егер мен Әкім болсам» тақырыбындағы жастар жобасының жеңімпаздары
2019жылдың 10-14 қаңтар аралығында жастардың шығармашылық белсенділігін арттыру, жасөспірімдердің ауданымызды, өз ауылдарын дамытуға, көріктендіруге деген ұмтылысын қалыптастыру мақсатында мектепішілік «Егер мен Әкім болсам» тақырыбындағы жастар жобасының байқауы 4 номинация (эссе, сурет көрмесі, бейнеролик, жоба) бойынша өткізілді. Бұл байқауға 5-11 сыныптар арасында 26 оқушы, 14 жетекші қатысты. Нәтижесінде осы байқаудың мектепішілік кезеңінен 6 оқушы жеңімпаз атанды, аудандық кезеңінен 9а сыныбынан Қазбек Жансая «Егер мен Әкім болсам, менің алғашқы үш бұйрығым» тақырыбындағы эссе бойынша III орын, 11а сынып білім алушысы Ибраимова Ажар «Егер мен Әкім болсам, ауылда нені өзгертер едім» атты бейнеролигі үздік бағаланып, II орын иеленді.